logo

Қазақстан құрамасында өзгерістер орын алды

Қазақстан құрамасында өзгерістер орын алды

Қазақстан ұлттық құрамасы Армения және Әзірбайжан командаларымен жолдастық кездесуге дайындықты бастап кетті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan

Қазақстан футбол федерациясының мәліметіне сәйкес, оқу-жаттығу жиыны Алматының Орталық стадионында өтуде. Алдағы ойындарға команданы бас бапкердің көмекшісі Руслан Балтиев дайындап жатыр. Станислав Черчесов бастаған жаңа баспкерлік ұжым жолдастық кездесулерден кейін жұмысқа кіріседі.

Команда құрамында бірнеше өзгеріс орын алды. Тізе жарақатын алған Әділхан Добайдың орнына «Елімай» ойыншысы Михаил Габышев келді.

Сонымен қатар, Ислам Чесноков, Александр Зуев және Бекхан Шайзада да сырқат себебімен шеттетілді. Үшінші голкипер ретінде «Қайрат» голкипері Данил Устименко шақырылған. Ал шабуылшы Иван Свиридов U-21 жастар құрамасымен бірге Грузиямен ойынға аттанған.

Маусым айында ұлттық құрама сырт алаңда екі ойын өткізеді. 7 маусым Еревандағы В.Саркисян атындағы республикалық стадионда Армениямен кездеседі. Басталуы – Қазақстан уақытымен 21:00.

Араға төрт күн салып команда Венгрияға аттанады. Сомбатхей қаласындағы «Халадаш» стадионында Әзірбайжан құрамасымен матч ұйымдастырылмақ., Басталуы – 19:00.



Күн шежіресі