logo

Қазақстан құрамасы жүзуден Ислам ынтымақтастығы ойындарында екінші орын алды

Қазақстан құрамасы жүзуден Ислам ынтымақтастығы ойындарында екінші орын алды

Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында Қазақстан құрамасы жүзуден кезекті медальға қол жеткізді, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Ерлер құрамасы жарыстың күміс жүлдегері атанды.

Отандастарымыз 4×200 метрге еркін стильде жүзу эстафетасында екінші орынды иеленді. Бұл сында ел намысын Әділбек Мусин, Максим Сказобцов, Даниил Черепанов және Ғалымжан Балабек қорғады.

Бірінші орынды Түркия, ал үшінші орынды Иран құрамасы иеленді.



Күн шежіресі