Қазақстан құрамасы су добынан Орталық Азия чемпионатына қатысады
26-28 тамыз аралығында Ташкентте ерлер мен әйелдер командалары арасында су добынан Орталық Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Sport+.
Жарысқа Өзбекстан, Қазақстан және Түрікменстан елдерінің атынан 12 команда — 6 ерлер және 6 әйелдер құрамасы қатысады.
Орталық Азия чемпионаты өңірдегі су добын дамыту жолындағы маңызды қадам болмақ. Жарыс Орталық Азия елдерінің командаларын бір спорт алаңында біріктіреді.