Қазақстан құрамасы Navek Turkey International 2026 турнирінде қола медаль жеңіп алды
Бадминтоннан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Түркияның Ыстанбұл қаласында өткен Navek Turkey International 2026 халықаралық турнирінде сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Sport+.
Қыздар арасындағы жұптық сында Алиса Кулешова мен Диана Наменова турнирдің қола жүлдегерлері атанды.
Медальға апарар жолда қазақстандық спортшылар Түркия өкілдерін екі рет жеңді. Алғашқы кездесуде Алиса мен Диана Суденаз Арслан / Икнур Сизир жұбын ұтса, ширек финалда Гюльсу Демирбелек / Элиф Наз Сискиноглу дуэтінен басым түсіп, жартылай финалға жолдама алып, қола жүлдені қамтамасыз етті.
Ерлер арасындағы жұптық сында да Арнур Тапишев пен Тимур Бурханов лайықты нәтиже көрсетті. Қазақстандық жұп алғашқы екі кезеңнен сенімді өтіп, 1/16 финалда Беркай Сейхан / Берк Демирді, ал 1/8 финалда Ихсан Аккуш / Умут Корлу жұбын жеңді.
Алайда ширек финалда Арнур Тапишев пен Тимур Бурханов Фатих Ердоған / Хашим Түрксой жұбына есе жіберіп, жарысты 5-орынмен аяқтады.
Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы турнирге аға жаттықтырушы Хайтмұрат Құлматовтың жетекшілігімен қатысты.