Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында екі медаль жеңіп алды
Қытайдың Тайвань қаласында спорттық құзға өрмелеуден Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Қазақстан құрамасы турнирді екі күміс медальмен аяқтады.
Бұл марапаттардың иегерлері — Әмір Маймұратов пен Тамара Үлжабаева. Спортшылар «жылдамдық» дисциплинасында екінші орын алды.
Сонымен қатар, Ришат Хайбуллин де медальға үміткер болған. Ол осы бағдарламада қола жүлде үшін күресіп, бірақ Иран спортшысы Реза Алипурға жол берді.