logo

Қазақстан құрамасы Албаниядағы әлем чемпионатына қатысатын құрамды жариялады

Қазақстан құрамасы Албаниядағы әлем чемпионатына қатысатын құрамды жариялады

Қазан айының соңында Тирана қаласында (Албания) олимпиялық емес салмақ дәрежелерінде күрес түрлерінен әлем чемпионаты өтеді. Бүгінгі таңда Қазақстанның еркін күрес, әйелдер күресі және грек-рим күресі командаларының құрамы белгілі болды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Еркін күрес:
- 61 кг дейін: Асыл Айтақын
- 70 кг дейін: Нұрқожа Қайпанов
- 79 кг дейін: Дәулет Ергеш
- 92 кг дейін: Нұрдәулет Бекенов

Әйелдер күресі:
- 55 кг дейін: Зүлфия Яхьярова
- 59 кг дейін: Диана Қаюмова
- 65 кг дейін: Ирина Казюлина
- 72 кг дейін: Жамиля Бақбергенова

Грек-рим күресі:
- 55 кг дейін: Исхар Құрбаев
- 63 кг дейін: Ержет Жарылқасын
- 72 кг дейін: Мейіржан Шермаханбет
- 82 кг дейін: Евгений Поливадов

Айта кетейік, әлем чемпионаты 28-31 қазан аралығында өтеді.