Стенд атудан Қазақстан командасы Италияның Лонато қаласындағы рейтингілік әлем кубогына қатысып жатыр, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше,әлем кубогы кезеңі 10-19 маусым аралығында өтіп жатыр. Турнирге 500-ден аса спортшы барған.

Қазақстан атынан 15 спортшы өнер көрсетеді. Мергендер трап, скит аралас трап-микс және скит-миксте сынға түседі.