logo

Қазақстан керлингтен әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне өтті

Қазақстан керлингтен әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне өтті

Қазақстан осы Абердинде (Шотландия) өтіп жатқан керлингтен аралас командалар арасындағы әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шықты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Қазақстандық спортшылар іріктеу кезеңінде Финляндия, Кения, Германия, Уэльс және Украинаны жеңді. Ұлттық құраманың Е тобындағы финалдық матч алдындағы жалғыз жеңілісі Швейцарияға бұйырды.

Бүгін, 17 қазанда Қазақстан Бельгиямен ойнайды, одан кейін плей-офф кезеңіне дайындалады.

Әлем чемпионатында ел намысын Абылайхан Жүзбай, Тілсімай Аллиярова, Айдос Аллияр, Мерей Тастемір қорғап жатыр.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы бұған дейін аралас командалар арасындағы әлем чемпионатына жолдама алған емес.



Күн шежіресі