logo

Қазақстан карате құрамасы Түркияда жүлделі орындарға ие болды

Қазақстан карате құрамасы Түркияда жүлделі орындарға ие болды

Қазақстан Түркиядағы халықаралық карате турнирінде бес медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Алтын медальдарды Бэлла Самашева (55 келі) мен Мөлдір Жанбырбай (50 келі) жеңіп алды.

Самашева финалда итальяндық Лалло Виолланы жеңсе, Жанбырбай травмасына байланысты шыға алмаған Венесуэлалық Салазар Йоргелистің орнына жекпе-жектен тыс қалып, бірінші орынды иеленді.

Турнирдің қола жүлдегерлерін Софья Берульцева (+68 келі), Азия чемпионы Асель Қанай (61 келі) және Азия чемпионы мен жеңімпазы Нұрқанат Әжіқанов (75 келі) болды.