logo

Қазақстан каноэ мен байдаркада есуден Азия чемпионы атанды

Қазақстан каноэ мен байдаркада есуден Азия чемпионы атанды

Жапония астанасы Токиода өтіп жатқан каноэ мен байдаркада есуден Азия чемпионатында Қазақстан қоржыны тағы бір алтынмен толықты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan Olympic.kz сайтына сілтеме жасап. 

Екілік каноэден 500 метрге жарысудан аралас жұптық сында Сергей Емельянов пен Руфина Искакова жұбы жеңімпаз атанды. Уақыт көрсеткіші - 01:57.203.

Екінші орынды Өзбекстан (02:00.105), үшінші орынды Таиланд (02:02.004) иеленген.

Айта кетелік, кешегі жарыс күнінде екі спортшы да өз дисциплиналары бойынша Париж Олимпиадасына жолдама алған болатын.