Қазақстан Гран-приі — 2024 MotoGP ресми өтпейтін болды
Қазақстан Гран-приі 2024 жылғы MotoGP күнтізбесінен алынып тасталды. Бұл туралы чемпионаттың баспасөз қызметі хабарлады. Қазақстандық кезеңнің ағымдағы жылы тоқтатылуына өңірде болған су тасқыны салдарынан туындаған оперативтік және логистикалық мәселелер әсер етті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Айта кетейік, Қазақстандағы кезең бастапқыда 2023 жылы «Сокол» трассасында өтуі керек еді, алайда трассаның дайын болмауына байланысты жарыс тоқтатылған болатын. Осыдан кейін Гран-при 2024 жылғы маусым күнтізбесіне енгізілді, алайда кезең тағы да су тасқынына байланысты тоқтатылды.
Чемпионаттың баспасөз қызметі атап өткендей, Қазақстанның орнына Эмилия-Романья Гран-приі өтеді. Кезең сол күндерде (20–22 қыркүйек) Италиядағы Мизано Халықаралық автодромында өтеді.