logo

Қазақстан ерлер құрамасы әлем чемпионатында өз тобында жеңіске жетті

Қазақстан ерлер құрамасы әлем чемпионатында өз тобында жеңіске жетті

Үстел теннисінен Қазақстан ерлер құрамасы әлем чемпионатында сәтті өнер көрсетіп, өз тобында бірінші орынды иеленді, деп хабарлайды Sport+.

Үшінші турда қазақстандықтар Таиланд құрамасын 3:1 есебімен жеңді.

Құрамаға жеңіс ұпайларын екі кездесуде жеңіске жеткен Кирилл Герасименко мен Алан Құрманғалиев әкелді. Ал Санжар Жұбанов өз кездесуінде жеңіліс тапты.

Осылайша, Асет Сағымбаевтың шәкірттері үш жеңіске қол жеткізіп, командалық әлем чемпионатының 1/16 финалына шықты. Бұл — 2024 жылы Оңтүстік Кореяда көрсетілген үздік нәтижені қайталау.



Күн шежіресі