logo

«Қазақстан барысы» турнирінің жаңа жеңімпазы анықталды

«Қазақстан барысы» турнирінің жаңа жеңімпазы анықталды

Қазақ күресінен Астанада өткен «Қазақстан барысы» турнирінде Ерасыл Қажыбаев жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Sport +.

Абай облысының балуаны финалда шымкенттік Ерсұлтан Мұзафаровты қосымша уақытта ұтты. Белдесуде негізгі уақытта қос спортшы да нәтижелі әдісін жасай алмады. Тек Шымкент қаласының балуанына төреші екі рет ескерту берді.

Ал қосымша уақыттағы белдесуде Ерасыл Қажыбаев қарсыласының әдісіне қарымта шабуыл ойластырып, таза әдіс жасай алды. Осылайша ол 2024 жылғы «Қазақстан барысы» турнирінінің үздік балуаны атанды. Қажыбаев 2018-2019 жылдары финалға шыққанымен, күміс жүлдемен қайтқан еді.

Ал, үшінші орынды Абай облысының тағы бір балуаны Саят Шәмшиев иеленді. Ол шешуші белдесуде Әділ Оразбаевты («Әскер барысы» – авт.) алғашқы секундта таза әдіспен жеңіп, үздік үштікке енді. 

Айта кететін жайт, Саят Шамшиев аталған турнирдегі жасы ең үлкен балуан (35 жаста) саналады.