Қазақстан бадминтоннан Сингапурдағы халықаралық турнирде өнер көрсетуін бастады
Бүгін, 18 тамызда бадминтоннан Сингапурда халықаралық турнир басталды. Оған Қазақстан құрамасы да қатысады, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Бапкерлер штабының шешімімен жарысқа қатысатын спортшылардың тізімі келесідей: Хайтмурат Кульматов, Арнур Тапишев, Махсут Таджибуллаев.
Аталған турнирде 25 елден 246 спортшы өнер көрсетеді.
Айта кетейік, турнир 23 тамызға дейін жалғасады.