Қазақстан AVC Ұлттар кубогында төртінші орын алды

Қазақстан AVC Ұлттар кубогында төртінші орын алды

Филиппиннің Кандон қаласында өткен AVC Ұлттар кубогында Қазақстан әйелдер құрамасы өз өнерін аяқтады, деп хабарлайды Sport+.

Қазақстан құрамасы топтық кезеңде сәтті ойын көрсетіп, өз тобында бірінші орын алып, турнирдің жартылай финалына жолдама алды.

Алайда финалға шығу үшін өткен кездесуде қазақстандық волейболшылар Қытай Тайбэйі құрамасына 0:3 есебімен есе жіберді.

Үшінші орын үшін өткен матчта Қазақстан құрамасы Вьетнам командасынан да 0:3 есебімен жеңіліп, жарысты төртінші орынмен аяқтады.