Қазақстан әртістік жүзуден әлем кубогында үш медаль жеңіп алды
Парижде (Франция) әртістік жүзуден әлем кубогының екінші кезеңі аяқталды. Қазақстан құрамасы осы бәсекеде үш медальді иеленді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Алтын медальді Наргиз Болатова мен Эдуард Ким жеңіп алды. Оларға аралас жұптар арасындағы техникалық бағдарламада теңдесі жоқ болды.
Екінші орынға Виктор Друзин (жекелей, еркін бағдарлама) көтерілді. Әйелдер командасы еркін бағдарламада үшінші нәтиже көрсетіп, қола медальмен топ жарды.