Қазақстан әйелдер құрамасы скиттен Азиада-2026 күміс жүлдесін жеңіп алды

Қазақстан әйелдер құрамасы скиттен Азиада-2026 күміс жүлдесін жеңіп алды

Стенд атудан Қазақстанның әйелдер құрамасы Аичи және Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Скит бағдарламасындағы командалық сайыста Әсем Орынбай, Зоя Пискун және Адель Садақбаева күміс жүлдеге қол жеткізді.

Командалық есеп үш спортшының іріктеу кезеңіндегі нәтижелері бойынша шығарылды. Қазақстан құрамасы 336 ұпай жинап, екінші орынға ие болды.

Командалық сайыста 357 ұпай жинаған Қытай құрамасы жеңімпаз атанды. Үндістан командасы 331 ұпаймен қола медальді иеленді.



Күн шежіресі