Қазақстан әйелдер құрамасы гандболдан Вьетнамды жеңді
Қазақстан әйелдер құрамасы гандболдан Аичи-Нагоядағы (Жапония) Азия ойындарында үшінші кездесуін өткізді, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл жолы қазақстандықтар Вьетнаммен жолықты. Екі таймның қорытындысы бойынша 29:25 есебімен жерлестеріміз жеңіске жетті.
Бұған дейін Қазақстан әйелдер құрамасы Қытайдан 34:24 есебімен, Оңтүстік Кореядан 42:18 есебімен жеңілген еді.
Сондай-ақ бүгін, 22 қыркүйекте ерлер құрамасы Азиадағы екінші ойынын өткізді. Отандастарымыз Кувейт командасымен кездесіп, 43:19 есебімен жол берді.