logo

Қазақстан әйелдер құрамасы Чехияны жеңді

Қазақстан әйелдер құрамасы Чехияны жеңді

Командалық әлем чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасы тартысты кездесуде Чехия құрамасын 3:2 есебімен жеңді, деп хабарлайды Sport+.

Құрама сапында Зауреш Ақашева мен Жанерке Қошқұмбаева жеңіс ұпайларын еншіледі, ал шешуші нүктені Сарвиноз Миркадирова қойды.

Осылайша, қазақстандық спортшылар өз тобында Бразилия құрамасынан ғана қалып, екінші орынды иеленді және Лондонда өтіп жатқан әлем чемпионатындағы жарысын жалғастырады.



Күн шежіресі