logo

Қазақстан әйелдер командасы жастар арасындағы ӘЧ-ны медальсіз аяқтады

Қазақстан әйелдер командасы жастар арасындағы ӘЧ-ны медальсіз аяқтады

Қазақстанның әйелдер күрес командасы Албанияның Тирана қаласында өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында медаль ала алмады, деп хабарлайды Sport+.

Соңғы үміт 53 келі салмақ дәрежесінде күрескен Зейнеп Баяноваға артылған еді. Ол үшінші орын үшін өткен кездесуге дейін жетті.

Бұл раундта оның қарсыласы Моңғолиядан келген Отгонтуя Чинболд болды.

Кездесу қарсыласының мерзімінен бұрын жеңісімен аяқталды.

Осылайша, Қазақстанның әйелдер күрес командасы әлем чемпионатын медальсіз аяқтады.



Күн шежіресі