logo

Қазақ спортшылары Олимпиадаға дейін допингке қарсы қанша рет сынама тапсырады?

Қазақ спортшылары Олимпиадаға дейін допингке қарсы қанша рет сынама тапсырады?

ҚР Допингке қарсы ұлттық орталығының басшысы Майра Бақашева Олимпиада алдында спортшыларымыз жарысқа допингсіз баруы үшін қандай жұмыстар атқарылып жатқанын айтты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

«Біз спортшыларымыздың Парижде өтетін Олимпиада және Паралимпиада ойындарына допингсіз қатысуына бар күшімізді салып жатырмыз. Басты додаға дайындық аясында Қазақстанның Допингке қарсы ұлттық орталығы (ҚазДҚҰО) спортшыларды допингке қарсы оқытуға және оларды тестілеуге бағытталған іс-шараларды өткізуде.

Допингке қарсы ағарту семинарлары спортшыларға, жаттықтырушыларға, спорт дәрігерлеріне және қосымша спорт қызметкерлеріне жарыс және жарыстан тыс кезеңдерде ұйымдастырылады. Олимпиадаға, Паралимпиадаға баратын спортшылармен біз жеке-жеке кездесулерді міндетті түрде өткізіп жатырмыз.

Спортшылар  орталықтың ресми сайтында тегін білім алу курстантарынан өтуге міндетті. Оны аяқтаған соң, растау сертификаты беріледі. Сондай-ақ, Дүниежүзілік допингке қарсы агенттігі (ДДҚА) Олимпиада ойындарына дайындалу үшін ADEL білім беру курсын әзірледі. Осы боййынша барлық жұмыстар атқарылуда, - деп атап өтті ҚР Допингке қарсы қлттық орталығының басшысы. 



Күн шежіресі