Қазақ ақынының арнауы Өзбекстанның тәуелсіздік күнінде шырқалды
Қазақстандық ақын, блогер Бек Шмат Өзбекстанның Олимпиада ойындарындағы жетістігіне арнап ән шығарған еді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Бек Шмат Өзбекстанның Олимпиададағы жетістігіне арнап шығарған өлеңі айтулы мерекеде қосылып, қошеметке ие болды. Бұл туралы Бек Instagram желісіндегі ресми парақшасында жазды.
«Бір минуттық еңбегімді бір елдің тәуелсіздік мейрамында сахнада шырқатқан барша Өзбекстан халқына, президенті Шавкат Мирзиёевке алғысым шексіз. Мерекелеріңіз құтты болсын», - деді Бек Шмат.
Айта кетейік, Франция астанасы Парижде өткен жазғы Олимпиадаға өзбекстандық 90 спортшы қатысқан еді. Олар 19 спорт түрінен сынға түсіп, 8 алтын, 2 күміс, 3 қола жүлде жеңіп алды.