Қарағандыда үстел теннисінен Суперлиганың шешуші туры өтеді
Қарағанды қаласындағы «Saryarka» үстел теннисі орталығында 26–28 желтоқсан күндері Қазақстан Республикасының Суперлигадағы ашық командалық чемпионатының шешуші IV турының матчтары өтеді, деп хабарлайды Sport+.
12 клуб қатысатын жарыста алтын жүлдеге негізгі үміткерлер — «Altay Pro» (Өскемен), «Қарағанды-1», сондай-ақ Ресейдің Свердлов облысынан келген УГМК командасы.