logo

Қарағандыда мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионаты өтуде

Қарағандыда мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионаты өтуде

Қарағандыда мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Sport+

Қарағанды Арена мұз айдынындағы чемпионатқа 70-ке жуық спортшы қатысуда. Олардың қатарында София Фарафонова, Софья Самоделкина және Диас Жиренбаев, Рахат Бралин сияқты танымал мәнерлеп сырғанаушылар бар.  

Жарыстың алғашқы күні спортшылар қысқа бағдарлама бойынша өнер көрсетті. Диас Жиренбаев ерлер арасында ел чемпионы атанды.

15 желтоқсан күні еркін бағдарламада үздіктер анықталады.