Қанша спортшының Парижден коронавирус жұқтырып келгені анықталды
Қазақстанның олимпиадалық құрамы Парижден COVID-19 вирусын жұқтырып келген, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
«Құрамадағы үш жүлдегер мен екі бапкерден Ковид-19 анықталды. Олардың ПТР-тестілері оң нәтиже берген. Қазіргі уақытта олар оқшауланған. Ем қабылдап жатыр. Ауру жеңіл түрде өтіп жатыр. Тезірек сауығып кетуін тілейміз. Команданың өзге өкілдерінен вирус анықталған жоқ», - деді туризм және спорт министрінің кеңесшісі Диас Ахметшәріп.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Париждегі Олимпиада ойындарында жеті медаль еншілеп, 43-орынға жайғасты. Жалғыз алтынды дзюдошы Елдос Сметов алса, гимнаст Нариман Курбанов, грек-рим күресінің шебері Демеу Жадыраев пен боксшы Нұрбек Оралбай күміс жүлдегер атанды.
Ал қола жүлде мергендер Александра Ле мен Ислам Сәтпаевқа, боксшы Назым Қызайбай мен дзюдошы Ғұсман Қырғызбаевқа бұйырды.