logo

Қандай жағдайда футболшы клубпен еңбек шартын бұза алады

Қандай жағдайда футболшы клубпен еңбек шартын бұза алады

Қандай жағдайда футболшы Қазақстан футбол федерациясының Регламентіне сәйкес футбол клубымен еңбек шартын бұза алады: бұл сұраққа Кәсіпқой футболшылар альянсы жауап береді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Заңға сәйкес егер футбол клубы футболшыға белгіленген мерзімде кемінде екі айлық жалақыны заңсыз төлемесе, футболшы еңбек қатынастарын үзуіне құқылы.

Сонымен қатар футболшы спорттық маусымда өзінің клубы қатысқан ресми матчтардың 10% кем уақытта алаңға шықса спорттық негіздеме бойынша еңбек шартын мерзімінен бұрын бұзуына құқылы.

Аталмыш жағдайда футболшы футбол маусымының соңғы ресми матчынан кейін күнтізбелік 15 күн ішінде еңбек шартын мерзімінен бұрын тоқтатуды талап ете алады.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Кәсіпқой футболшылар альянсы (@kaz.kfa)