logo

«Қайрат» пен «Семей» Чемпиондар лигасындағы өз матчтарында жеңіліп қалды

«Қайрат» пен «Семей» Чемпиондар лигасындағы өз матчтарында жеңіліп қалды

Футзалда Чемпиондар лигасының ширек финалдық кезеңі басталды. Бұл кезеңге Қазақстаннан екі клуб қатысуда, деп хабарлайды Sport+.

«Қайрат» өз алаңында Испанияның ең мықты клубтарының бірі — «Картахенаға» 1:2 есебімен жеңілді. Алаң иелері сапындағы жалғыз голды Вандерсон соқты.

Ал «Семей» сырт алаңда Франция чемпионатының көшбасшысы «Этоальға» 4:5 есебімен жол берді. Гол авторлары — Кайо Торрес, Педриньо және дубль жасаған Бруно Гомес.

Жауап матчтары 6 наурыз күні өтеді.



Күн шежіресі