«Қайрат» Черногория чемпионымен ойнайды

«Қайрат» Черногория чемпионымен ойнайды

Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінің бірінші айналымына жеребе тарту рәсімі өтті.

Қазақстан чемпионы «Қайраттың» қарсыласы Черногорияның ең мықты клубы — «Сутьеска» болды.

Матчтар 7/8 және 14/15 шілде күндері өтеді. Алғашқы ойын Алматыда ұйымдастырылады.

Айта кетейік, «Сутьеска» үшін алматылық клуб Қазақстаннан шыққан екінші қарсылас болмақ. Бұған дейін черногориялық команда «Астанамен» кездескен.



Күн шежіресі