Қайрат Боранбаев: Азия жасөспірімдер Пара ойындарына қатысу – параатлеттеріміздің жаңа буынын таныстыру мүмкіндігі
Дубайда 2025 жылғы Азия жасөспірімдер Пара ойындары ресми түрде басталды — бұл Азиядағы жас пара-спортшыларға арналған ең ірі халықаралық жарыстардың бірі.
Қазақстан атынан бұл ойындарға 9 спорт түрі бойынша 60-тан астам спортшы қатысады. Мұндай деңгейдегі жарыстарға қатысу жас атлеттердің спорттық өсуіндегі маңызды кезең болып табылады және халықаралық аренада өз мүмкіндігін көрсетуге үлкен мүмкіндік береді.
Салтанатты ашылу рәсімі бүгін кешке Dubai Club for People of Determination аренасында өтеді. Бағдарламада — делегациялар шеруі, ресми тұлғалардың сөз сөйлеуі және мәдени бөлім.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Паралимпиадалық комитетінің президенті Қайрат Боранбаев:
«Дубайда өтетін 5-ші Азия жасөспірімдер Пара ойындарының ашылуы — бүкіл Азиядағы паралимпиялық қозғалыс үшін маңызды оқиға. Қазақстан үшін бұл — жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, жеңіске деген жігерін паш етіп жүрген жаңа буын пара-атлеттерімізді таныстыру мүмкіндігі. Ойындарға қатысу олардың дамуындағы және халықаралық тәжірибе жинауындағы маңызды кезең боларына сенімдіміз. Командамызға сәтті бастау, сенімділік және лайықты нәтиже тілеймін», — деді Боранбаев.
2025 жылғы Азия жасөспірімдер Пара ойындары 11 спорттық дисциплина аясында 40-тан астам елден келген 1000-нан аса жас пара-спортшыны, 400-ден астам волонтерді біріктіріп, рух күшін, әртүрлілікті және спорттық шеберлікті айқындайтын ауқымды халықаралық алаң қалыптастырады.