Перизат Қайрат пара үстел теннисі федерациясының президенті қызметінен босатылды
Қазақстанның пара үстел теннисі федерациясы Перізат Қайратты ұйым президенті қызметінен босату туралы ресми түрде хабарлады, деп жазады Sport+.
Бұл туралы федерацияның баспасөз қызметі мәлімдеді. Шешім 2024 жылғы 14 қарашада өткен кезектен тыс жиында қабылданған.
«Перизат Қайрат енді Пара үстел теннисі федерациясының президенті емес. Бұл оның ұсталуына және тергеу жүргізілуіне байланысты. Шешім бірауыздан қабылданды», – делінген ресми мәлімдемеде.
Айта кетейік, Перизат Қайрат федерацияны биылғы жылдың 28 қазанында басқарған болатын. Нәтижесінде, ол бұл қызметте небәрі екі аптадан сәл астам уақыт жұмыс істеді.
Сонымен қатар, 14 қараша күні құқық қорғау органдары «BizBirgemiz Qazaqstan» қайырымдылық қорының басшысына қатысты тергеу жүргізіп жатқандығы белгілі болды. Тергеу мәліметінше, Перизат Қайрат көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмек ретінде жиналған 1,5 миллиард теңгені иемденді деген күдікке ілінді.