logo

Павлодар грэпплинг бойынша ҚРЧ іріктеуін қабылдайды

Павлодар грэпплинг бойынша ҚРЧ іріктеуін қабылдайды

23-24 қарашада Павлодарда грэпплингтен Қазақстан Республикасының іріктеу чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Sport+.

Турнир қорытындысы бойынша 2025 жылғы Азия чемпионатына құрам анықталады. Сондай-ақ, 1-2 орын алған спортшылар келесі жылы ұлттық құраманың сапына кіреді. 

Өтетін орны: Павлодар, «Бірлік» жекпе-жек сарайы.