Қазақстандық спортшы грэпплингтен әлем чемпионатында тарихи «алтын» жеңіп алды
Қазақстандық спортшы Алшынбай Әлихан Grappling Gi-де 58 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел тарихындағы алғашқы әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan ҚР Грэпплинг қауымдастығына сілтеме жасап.
Спортшы бұл нәтижеге 7-12 қазанда Астанада өткен әлем чемпионатында қол жеткізді. UWW спорт департаменті 2024 жылдың қаңтарында Азия және Шығыс Еуропа елдері арасында осы салмақ дәрежесінің танымалдылығына байланысты Senior (ерлер) жас санаты үшін алғаш рет 58 келіге дейінгі салмақ дәрежесін енгізді.
Сондай-ақ, 22 жастағы Әлихан грэпплинг дисциплинасы бойынша қола медаль жеңіп алып, өткен чемпионаттың ересектер арасындағы ең нәтижелі спортшысы атанды.