Париждегі Паралимпиада ойындарының ашылу салтанатында тосын жағдай болды
Ашылу салтанаты барысында халықаралық паралимпиадалық комитеттің (IPC) ресми туы толық ашылмай қалды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Паралимпиада ойындарының ашылу салтанатында ту тросқа оралып, толық ашылмай қалған. Шараның соңына дейін халықаралық паралимпиадалық комитеттің ресми туы дәл осылайша ашылмаған күйі тұрды.
Сондай-ақ ашылу салтанаты кезінде ұйымдастырушылар халықаралық олимпиадалық комитеттің (IOC) туын теріс іліп қойған. Франция астанасы Париждегі жазғы Паралимпиада ойындарының Ашылу салтанаты қаланың орталығындағы «Келісім» алаңында өтті.
«Салтанат» қақпасынан бастау алатын ұлттар шеруі де сол маңда болды. Бұл ауқымды шараны тамашалауға шамамен 50 мыңға жуық адам жиналған. Айта кетейік, Париж Паралимпиадасы 8 қыркүйекке дейін жалғасады.