logo

Париж Олимпиадасының медалі көрсетілді

Париж Олимпиадасының медалі көрсетілді

Париждегі жазғы Олимпиада ойындарының медальдары таныстырылды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan Olympic.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

Жүлденің басқалардан басты айырмашылығы – медаль ортасында Эйфель мұнарасы бейнеленген.

«Осы бір алтын, күміс және қоланы жүлденің ең басты құнды бөлігі – Эйфель мұнарасымен ұштастыру үшін үлкен жұмыс атқарылды», - делінген Халықаралық Олимпиада комитетінің сайтында. 

Жалпы есебі 5084 медаль шығарылды. Оның әр қайсысында 18 грамм Эйфель мұнарасы бар. 

Париждегі жазғы Олимпиада ойындары 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. 



Күн шежіресі