Париж-2024: Қазақстан спортшылары жолдамалар санын 36-ға жеткізді
Жапония астанасы Токиода өтіп жатқан каноэ мен байдаркада ескек есуден Азия чемпионатында ел қоржынына тағы екі жолдама түсті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Атап айтсақ, Мария Бровкова мен Руфина Искакова жұптық сында Олимпиада жолдамасына қол жеткізді. Қазақстандық дуэт каноэмен 500 метрге жарыста чемпион атанды.
Сонымен қатар араға аз уақыт салып, Сергей Токарницкий мен Бекарыс Раматулла жұптық сында Париж Олимпиадасының 36 жолдамасын жеңіп алды.
Қазақстандық жұп байдаркада 500 метрге жарыста бас жүлдені қанжығаларына байлады.