logo

Париж-2024 Паралимпиада ойындарына 100 күн қалды

Париж-2024 Паралимпиада ойындарына 100 күн қалды

Астанада Париж-2024 Паралимпиада ойындарына 100 күн қалуына орай, волейболды отырып ойнаудан Қазақстан мен Бразилия арасында жолдастық матч өтті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan

Тартысты матчта 3:1 есебімен Қазақстан құрамасы жеңіске жетті. Бауыржан Тахауов пара волейболшылардың бүгінгі ойынына қатысты пікір білдірді:

«Бүгін өз алаңымызда бразилиялық команданы қабылдадық. Бұл матч паралимпиада ойындарына жақсы дайындық болды, жанкүйерлердің қолдауын тағы да сезіне алдық. Осылайша команда мүшелері елдің артқан үмітін  екі есе арқалап, дайындықты одан сайын күшейтпек. Бразилиялық әріптестеріміз де осал емес. Жетістіктері де жетерлік. Олар Панамерикандық чемпионаттың жүлдегерлері әрі Иран құрамасынан кейін әлемдік рейтингте 2-орында тұр», - деп қорытындылады бас бапкер.

Айта кетейік, Париж-2024 Паралимпиада ойындары 28 тамыз - 8  қыркүйек аралығында өтеді. Қазіргі таңда елімізде 12 лицензия бар. Ұлттық құрама спорттың 9 түрінен ( пара каноэ, пара пауэрлифтинг, пара жүзу, пара таеквондо, пара оқ ату, пара жеңіл атлетика, пара дзюдо, пара үстел теннисі және волейболды отырып ойнаудан) бақ сынайды.



Күн шежіресі