logo

Паралимпиада чемпионы Ақмарал Науатбек өзінің қандай келін екенін айтты

Паралимпиада чемпионы Ақмарал Науатбек өзінің қандай келін екенін айтты

Спортшы қазір үй шаруаларынан босатылған, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

«Бұл сұрақты енемнен, екінші анамнан сұраған дұрыс болар. Анам мақтап отырады. Келін ретіндегі міндетімді ұмытпауға тырысып, үйде барлық шаруаны атқарамын.

Қазір түрлі іс-шараларға шақырып, қонақтан-қонақ жүрміз. Бас тарта алмайсың, құрмет көрсетіп шақырып жатқан соң бару керек. Сондықтан қазір үйдегі тірліктен толықтай босатылдым, бірақ бәрі біткен соң қарапайым Ақмарал болып міндеттеріме кірісемін.

Бұйыртса, тағы 10 күннен кейін жаттығуды бастаймын деген жоспар бар. Қазір денсаулық жағдайымды реттеп, жарақаттарымды емдеп алуым керек», - деді Ақмарал Науатбек.