logo

Паралимпиада-2024: Қазақстандықтар 9 медальмен жалпы есепте нешінші орында тұр

Паралимпиада-2024: Қазақстандықтар 9 медальмен жалпы есепте нешінші орында тұр

Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан паралимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы 9 медальмен әзірге 39 орында келе жатыр, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Бүгін төрт жылдық доданың соңғы жарыс күні. Париж төрінде отандастарымыз медальдар саны жағынан өз рекордын орнатты. Бұған дейін ел өкілдері жазғы немесе қысқы Паралимпиада ойындарында бір алтыннан артық ұтпаған болатын. Медальдардың жалпы саны бойынша алдыңғы үздік жетістік Токио 2020 (бес марапат) Олимпиадасында тіркелген болатын.

Міне, Париж төрінде паралимпиадашыларымыз алғаш рет 9 жүлде - 2 алтын, 3 күміс, 4 қола медаль жеңіп алды.

Олар:

Алтын - Давид Дегтярев (пара пауэрлифтинг);

Алтын - Ақмарал Науатбек (пара дзюдо);

Күміс - Еркін Ғаббасов (пара нысана көздеу);

Күміс - Нұрдәулет Жұмағали (пара жүзу);

Күміс - Ерғали Шамей (пара дзюдо);

Қола - Дастан Мұқашбеков (пара жеңіл атлетика);

Қола - Даяна Федосова (пара дзюдо);

Қола - Зарина Раифова (пара дзюдо);

Қола - Жұрқамырза Шүкірбеков (пара дзюдо).