Отырып ойнайтын волейболдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының ширек финалына шықты

Отырып ойнайтын волейболдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының ширек финалына шықты

Қазақстан Республикасының отырып ойнайтын волейболдан ұлттық құрамасы 10–17 шілде аралығында Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында сәтті өнер көрсетуді жалғастыруда, деп хабарлайды Sport+.

1/8 финалдық кездесуде қазақстандық параспортшылар Польша құрамасын 3:0 (25:18, 25:18, 25:20) есебімен сенімді түрде жеңіп, әлем біріншілігінің үздік сегіз командасының қатарына енді.

Қазақстан мен Польша құрамалары арасындағы матчты Халықаралық Паралимпиада комитетінің президенті Эндрю Парсонс тамашалады.

Енді қазақстандық спортшылар 15 шілдеде Руанда құрамасына қарсы ширек финалдық кездесу өткізеді.



Күн шежіресі