logo

Өскеменде жеңіл атлетикадан Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакованың жүлдесіне арналған XI халықаралық турнир өтеді

Өскеменде жеңіл атлетикадан Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакованың жүлдесіне арналған XI халықаралық турнир өтеді

2026 жылғы 14 ақпанда Өскемен қаласында, «Ольга Рыпакова» атындағы жеңіл атлетикалық орталықта Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакованың жүлдесіне арналған XI Халықаралық жеңіл атлетика турнирі өтеді. Жарыстың басталуы — сағат 16:30. Кіру тегін.

Турнирге 11 мемлекеттен 150-ден астам спортшы қатысады. Атап айтқанда: Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Грузия, Украина, Армения, Үндістан, Грекия, Түркия және Литва. Қатысушы елдердің кең географиясы жарыстың жоғары халықаралық мәртебесін және шетелдік ұлттық федерациялар тарапынан тұрақты қызығушылықты көрсетеді.

Қазақстан құрамасы турнирде ең көп спортшымен ұсынылады — барлығы 89 атлет (41 ер адам және 48 әйел). Қазақстандық спортшылар жарыс бағдарламасының барлық түрлері бойынша өнер көрсетеді.

Жарыс бағдарламасы

Ерлер: 

60 м, 400 м, 800 м, 3000 м, 60 м кедергілермен жүгіру, сырықпен секіру, ядро лақтыру, үш қарғып секіру.

Әйелдер: 

60 м, 400 м, 800 м, 3000 м, 60 м кедергілермен жүгіру, биіктікке секіру, үш қарғып секіру, ұзындыққа секіру, 4×200 м эстафеталық жүгіру (микс — 2 әйел және 2 ер адам).

Қатысушылар тізімінде ұлттық құрамалардың көшбасшылары, халықаралық жарыстардың жүлдегерлері, Азия чемпиондары, Қазақстан Республикасының рекордшылары, сондай-ақ болашағынан үміт күттіретін жасөспірімдер мен жастар бар. Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан облысының жетекші спортшылары да қатысады.

Қазақстан құрамасының өкілдері: 

Давид Ефремов, Виталий Земс, Алмат Төлебаев, Андрей Соколов, Эльнор Мұхитдинов, Иван Товченик, Тахир Қадырқұлов, Зелимхан Насыров, Евгений Архипов, Игорь Хрунин, Ольга Сафронова, Виктория Ан, Надежда Дубовицкая, Елизавета Матвеева, Кристина Овчинникова, Анастасия Рыпакова, Мария Ефремова, Юлия Башманова, Аделина Земс, Александра Залюбовская және т.б. 

Ольга Рыпакованың жүлдесіне арналған турнир дәстүрлі түрде халықаралық жеңіл атлетикалық жарыстар күнтізбесіне енеді және әлем чемпионатына іріктеу нормативтерін орындауға, жас спортшыларды дамытуға көмектеседі. Сондай-ақ, халықаралық ынтымақтастықты нығайтудағы маңызды алаң болып табылады.



Күн шежіресі