Sport+ басшылығы ҚТФ вице-президенті Диас Досқараевпен кездесті
Sport+ медиа тобының басшылығы Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті Диас Досқараевпен кездесті. Кездесу барысында Қазақстанда теннисті танымал етудің және қызықты жобалар жасау мақсатында теннис федерациясымен одан әрі ынтымақтастықтың маңызды тақырыптары талқыланды.
Қазақстан теннис федерациясы Халықаралық теннис ұйымдарымен және шет елдердің ұқсас федерацияларымен ынтымақтастықты дамыту мәселелерінде Республиканың өкілі болып табылады. Федерация Азия теннис федерациясының және Халықаралық теннис федерациясының мүшесі.
Федерацияның негізгі жобалары - Қазақстанда балалар теннисін дамыту, TeamKazakhstan, өңірлерде теннисті дамыту, Қазақстанда теннис бойынша жаттықтырушылар мен нұсқаушыларды сертификаттау бағдарламасы, жарыстарды өткізу, төрешілерді даярлау бағдарламасы, әуесқойлар арасында теннисті дамыту.
Қазақстан теннис федерациясы өз қызметінде әлеуметтік жауапкершілік қағидатын басшылыққа алады және республиканың барлық өңірлерінде теннистің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге ұмтылады, тек спортқа ғана емес, әлеуметтік құрамдас бөлікке де көп көңіл бөледі.