logo

Олжас Абраев Әзірбайжан – Украина матчының делегаты болып тағайындалды

Олжас Абраев Әзірбайжан – Украина матчының делегаты болып тағайындалды

Sport+ медиатобының бас директоры Олжас Абраев Әзірбайжан мен Украина құрамалары арасындағы 2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу ойынына делегат болып тағайындалды.

Кездесу 9 қыркүйек күні Бакудегі Тофик Бахрамов атындағы Республикалық стадионда өтеді.

Олжас Абраев 2013 жылдан бері УЕФА матчтарының делегаты, ал 2016 жылдан бастап ФИФА ойындарындағы уәкілетті өкілі болып келеді.

Айта кетейік, ойындарға ұйымның ресми өкілі ретінде УЕФА делегаты тағайындалады. Делегат матч алдындағы ұйымдастыру жиналыстарына жетекшілік етеді, жарыс регламентінің, қауіпсіздік ережелерінің орындалуын ойынға дейін, ойын барысында және одан кейін стадион ішінде де, сыртында да қамтамасыз етеді.



Күн шежіресі