logo

Олимпиаданың күміс жүлдегері Нариман Құрбанов референдумда өз дауысын берді

Олимпиаданың күміс жүлдегері Нариман Құрбанов референдумда өз дауысын берді

Алматыда спорттық гимнастикадан Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Құрбанов АЭС құрылысы бойынша референдумда дауыс беруге қатысты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Атақты спортшы өзінің үлгісімен ел үшін осы мәнді оқиғаға қатысудың маңыздылығын көрсеткісі келетінін атап өтті.

«Өз дауысыңды беру-әркімнің азаматтық борышы, мен міндет деп айтар едім. Әркімнің өз таңдауы бар және оны жасау керек. Қазақстандықтар бұл мәселеде жауапкершілікті көрсететініне сенімдімін», - деді Нариман Құрбанов.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда Париждегі ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Назым Қызайбай мен белгілі боксшы Ермахан Ибраимов дауыс берген болатын.



Күн шежіресі