Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Ислам Сатпаев Астанада Қазақстан Кубогының чемпионы атанды
Астанадағы «Алау» спорт кешенінде 3-9 қазан аралығында спорттық атудан Қазақстан Кубогының үшінші кезеңі өтуде, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Бұл жарысқа Алматы, Павлодар, Қостанай, Қарағанды және Батыс Қазақстан облыстарының, сондай-ақ Астана, Алматы, Шымкент қалаларының 168 спортшысы қатысуда.
Сіздерге 10 метр қашықтықтан пневматикалық винтовкамен ату бойынша жарыс нәтижелерін ұсынамыз:
Ерлер арасында:
1) Ислам Сатпаев — 249,9 ұпай
2) Алексей Клейменов — 247,9 ұпай
3) Ринат Казаченко — 225,4 ұпай
Әйелдер арасында:
1) Арина Алтухова — 251,6 ұпай
2) Алина Сатпаева — 250,6 ұпай
3) Софья Малкина — 229,6 ұпай