logo

Олимпиада ойындарының қатысушысы Амир Закиров брейкингтен әлем чемпионатында жеңіске жетті

Олимпиада ойындарының қатысушысы Амир Закиров брейкингтен әлем чемпионатында жеңіске жетті

Қазақстанның брейкинг құрамасының көшбасшысы Амир Закиров БАӘ-нің Дубай қаласында өткен WFADS әлем чемпионатында жеңіске жетті, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

B-boy Amir ересектер арасындағы жарыста финалға дейін жетті.

Шешуші бәсекеде Амир Закиров АҚШ өкілі Мигель Росарионы (b-boy Gravity) жеңді. Ал қола жүлде Ресей спортшысы Руслан Файзрахмановқа (b-boy Ruslan Footrockets) бұйырды.

Айта кетейік, 2024 жылы Амир Закиров Францияның Париж қаласында өткен Олимпиада ойындарына қатысқан болатын. Қазақстандық спортшы ¼ финалға дейін жетіп, жалпы есепте сегізінші орынды иеленді.