logo

Ольга Шишигина Жауғаштыдағы әйелдер колониясына барды

Ольга Шишигина Жауғаштыдағы әйелдер колониясына барды

Алматы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖД-ге қарасты №10 мекеме яғни әйелдер колониясына Сидней Олимпиадасының чемпионы Ольга Шишигина барды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Жауғашты елдімекеніндегі түрмеде «FANTASY SPARTAKIADA-2024» жазғы спартакиадасы өз мәресіне жетті. Жабылу салтанатына кәсіби спортшылар қонаққа шақырылды. Арасында жеңіл атлетикадан Сидней Олимпиадасының чемпионы Ольга Шишигина да бар.

«Бұл мекемеге бірінші рет келуіміз, шынын айтқанда, концерттің ұйымдастырылуы, қатысушылар мен көрермендердің ауқымы, сондай-ақ әсерлі би қойылымы бізді таң қалдырды. Әйелдерге зор денсаулық және тезірек бостандыққа шығуын тілейміз», - деді Олимпиада чемпионы Ольга Шишигина.