logo

Ольга Рыпакова АОК құрамына қосылды

Ольга Рыпакова АОК құрамына қосылды

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті спортшылар Комиссиясының төрайымы Ольга Рыпакова Азия Олимпиада кеңесі Атқарушы комитетінің құрамына енді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan Olympic.kz сайтына сілтеме жасай отырып. 

Олимпиада чемпионының кандидатурасы бұл күндері Делиде (Үндістан) өтіп жатқан Олимпиадалық қозғалыс құрлықтық органының Бас Ассамблеясы кезінде АОК Атқарушы комитетінің қарауына  ұсынылған болатын. 

Ассамблеяға қатысушылар Ольга Рыпакованың кандидатурасын  бірауыздан қолдады. Айта кетелік, Рыпакова АОК Атқарушы комитетінде Орталық Азия  аймағындағы әйел өкіл ретінде жұмыс істейді.

Сондай-ақ,   отырыс барысында АОК президенті сайланып, Раджа Рандхир Сингх (Үндістан) ұйым басшысы ретінде қайта сайланды. 



Күн шежіресі