logo

Ольга Довгун: Рейтинг бойынша жолдамадан үмітті спортшылар бар

Ольга Довгун: Рейтинг бойынша жолдамадан үмітті спортшылар бар

Нысана көздеуден Қазақстан командасы Әзербайжанда өтетін рейтингілік турнирге дайындалып жатыр. Ольга Довгун жаттықтыратын құрама Бразилиядағы турнирден оралып, Дохада (Катар) оқу-жаттығу жиынын өткізуде. Olympic.kz сайтына сұхбат берген бапкер спортшылар нәтижесін бағамдады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan

- Катардағы жаттығу жиыны жақында өтетін рейтингілік әлем кубогіне дайындық мақсатында өтуде. Біздің құрама рейтинг бойынша да жолдамадан үмітті спортшылар бар. Бәрі ойдағыдай өтуде. Команданың көңіл-күйі де жақсы.

Бұл әрбір спортшы үшін кезекті тәжірибе, кезекті жарыс. Бізге жарыссыз қалуға болмайды. Бәрінің де жеңіске деген жігері мықты. Егер финалға шыға алмай қалса, көңіл-күйлері түсіп кетеді. Финалда жүлдеге ілігуге тырысады. Медаль үшін айқасуға дайын. Әрбір финал біз үшін кезекті дайындық бөлігі болып саналады, - дейді Довгун. 

Рейтингілік әлем кубогі Әзербайжан астанасы Бакуде өтеді. 



Күн шежіресі