Ольга Довгун Олимпиадаға баратын спортшыларды атады
Нысана көздеуден Қазақстан командасының бас бапкері Ольга Довгун Олимпиадаға қатысатын құрам қашан жариялайтынын айтты, деп Sport Plus Qazaqstan Olympic.kz cайтына сілтеме жасай отырып.
«Ислам Сатпаев, Константин Малиновский, Александра Ле, Арина Алтухова, Никита Чирюкиндер жолдама алды. Бұлардың бәрінің жолдамасы жекелеген спортшыға емес, командаға беріледі.
Тек қана Ирина Юнусметованың квотасы жеке өзіне берілген. Яғни, Юнусметованың жолдамасына ешкім таласа алмайды.
Ал Олимпиадаға баратын қалған құрам жұма күні анықталады. Сол күні федерация басшылығымен бірлесіп, шешім шығарамыз», - деді Довгун.
Айта кетелік, команда сапында ең соңғы болып Ирина Юнусметова квотаға қол жеткізді.