Нұрасыл Аманалы грек-рим күресінен Моңғолиядағы рейтингтік турнирдің финалына шықты

Нұрасыл Аманалы грек-рим күресінен Моңғолиядағы рейтингтік турнирдің финалына шықты

Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында күрес түрлерінен халықаралық рейтингтік турнир басталды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Алғаш болып жарыс жолына грек-рим күресінің шеберлері шықты.

Қазақстандық Нұрасыл Аманалы 97 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында Минхо Лиді 10:4 есебімен жеңді. Осылайша ол финалда үндістандық Нитешпен белдеседі.

Сондай-ақ 72 келіге дейінгі салмақта Сұлтан Әсетұлы қола жүлде үшін қырғызстандық Жанторо Мирзалиевпен күреседі.



Күн шежіресі